Адамдардың көпшілігі алаяқты бірден танимын деп есептейді. Бірақ қазіргі заманғы схемалар тек сенгіштікке ғана негізделмегелі қашан. Алаяқтар арсыз, сенімді әрі жылдам әрекет етіп, мәселені дереу шешу керек деген сезім ұялатады. Адам не болып жатқанын түсінуге тырысқанша, тоқтап, бәрін сабырмен тексеруге уақыт қалмайды.
Мәл сөйткендіктен банктердің, жеткізу қызметтерінің, мобильді операторлардың, салық органдарының және басқа да белгілі ұйымдардың атынан жасалатын қоңыраулар мен хабарламалар әлі де іске асып келеді. Алаяқтар қарым-қатынас өзізге таныс әрі ресми болып көрінуі үшін қолынан келгеннің бәрін жасайды.
Схема қалай жұмыс істейді
Әдетте бәрі өте сенімді болып көрінетін жағдай туралы қоңыраудан немесе хабарламадан басталады:
- шот бойынша күдікті операция байқалды;
- жеткізуге қатысты мәселе туындады;
- деректерді растау қажет;
- аккаунтқа кіру мүмкіндігін қалпына келтіру талап етіледі.
Одан әрі психологиялық қысым басталады. Адамды асықтырады, сөйлесуді үзбеуге көндіреді, әртүрлі «мамандар» арасында бағыттай алады немесе бір уақытта SMS пен мессенджерге хабарлама жібереді.
Сөйлесудің бір сәтінде бәрі қарапайым өтінішке тіреледі:
- SMS-тегі кодты айту;
- сілтеме бойынша өту;
- жеке деректерді растау;
- аккаунтқа кіру.
Бұл әрекеттердің әрқайсысы елеусіз болып көрінуі мүмкін. Бірақ алаяқтарға аккаунтқа, жеке деректерге немесе ақшаға қол жеткізу мүмкіндігін беретін дәл осы әрекет.
Схема неліктен әлі де іске асып келеді
Ең үлкен қателік — тек сенгіш адамдар ғана құрбан болады деп ойлау. Шын мәнінде алаяқтар мүлде басқа нәрсеге арқа сүйейді. Адамды асықтырғанда, сөйлесуде ұстап тұрғанда және дереу әрекет етуге көндіргенде, ол ақпаратты тексеріп үлгермей, шешімді автоматты түрде қабылдай бастайды.
Дәл соған байланысты кез келген адам дерлік құрбан болуы мүмкін. Алаяқтар туралы білмегендіктен емес, не болып жатқанын бағалауға уақыт қалдырмаған жағдайға тап болғандықтан.
Өзіңізді қалай қорғауға болады
Егер сізге банк, мемлекеттік орган немесе басқа ұйым атынан күтпеген жерден хабарласса:
- SMS-тегі кодтарды ешқашан хабарламаңыз;
- хабарламалардағы сілтемелер бойынша өтпеңіз;
- сізді асықтырып жатқанда ешқандай әрекет жасамаңыз;
- нөмірді NumBuster арқылы тексеріңіз;
- сөйлесуді аяқтаңыз және ресми сайт, қолданба немесе телефон нөмірі арқылы ұйымға өзіңіз хабарласыңыз.
Кідіріс жасау өте маңызды. Сұхбаттасушының нұсқауларын орындаудың орнына NumBuster қолданбасын ашып, нөмірді тексеріңіз. Егер оны басқа пайдаланушылар күдікті немесе қауіпті деп белгілеп қойған болса, бұл сөйлесуді тоқтатуға себеп болады.
Күн сайын NumBuster пайдаланушылары пікірлер қалдырып, белгісіз нөмірлер туралы бір-бірін ескертеді. Осының арқасында сіз ықтимал қауіп туралы біліп, қателік жібермеуге мүмкіндік аласыз.